Түркістанда жаңа заводтың капсуласы салынды
жаңалықтар
SEZ-TURKISTAN

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен полимер құбырлар шығаратын болашақ ірі хаб зауытының капсуласын салу рәсімі өтті.

Құны 2,5 миллиард теңгені құрайтын өндірістік кәсіпорынды іске қосатын «BASPOLYMER» серіктестігі жыл сайын 15 мың тонна полимерлі құбырлар мен тамшылатып суаруға арналған пластмасса бұйымдары мен таспалар шығаратын болады. Жаңа жобаның іске қосылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.

Зауыт өнімдері көршілес елдерге де экспортталатын болады.