Өңірге инвестиция тарту – аймақтық экономиканың экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын және оның әлемдік өндіріс процестеріне интеграциялануына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. АЭАның аймақтық экономикаға шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайту жөніндегі мақсатын орындау инфрақұрылымды дамытуды жеделдетуге, адам капиталының сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, озық технологияларды тартуға және олардың тиісті секторларға таралуын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2019 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Арнайы экономикалық аймақты басқару компаниясы» (бұдан әрі – «Түркістан» арнайы экономикалық аймақты басқару компаниясы») құрылды.