3-тармақтың 1-тарауына сәйкес «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 Қаулысында.
Қатысушылар ретінде «TURAN» АЭА қызметінің басым түрлеріне сәйкес келетін инвестициялық жобасы бар ұйымдар бола алады:
- туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру мынадай шарттар сақталған кезде: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;
- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
- жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндіріс және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;
- құрылыс материалдарын өндіру;
- басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі;
- дайын металл бұйымдарын өндіру;
- Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әуеайлақты, аэровокзалды және ұшу-қону жолақтарын салу және пайдалануға беру;
- әуежайларды және әуе қозғалысын басқару; терминалдардың, әуежайлардың қызметі; әуеайлақтарда жерүсті қызмет көрсетумен байланысты қызмет.