2019 ЖЫЛҒЫ 23 ҚАЗАНДА «TURKISTAN» АЭА БК» АҚ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
жаңалықтар
INFORM

2019 жылғы 23 қазанда «TURKISTAN» АЭА БК» АҚ делегациясы Лондон қаласында (Ұлыбритания) өткен Қазақстан-Британ инвестициялық форумына қатысты. Қатысудың мақсаты инвестицияларды тарту және әлеуетті инвесторлармен байланыс орнату болды.

Форум барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Мырзалиев «TURKISTAN» АЭА аумағында қолданылатын инвестициялық мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды.
Сонымен қатар, аталған іс-шарада әлеуетті инвесторлармен B2B кездесулер өткізілді, олардың арасында Британдық-Қазақ қоғамдастығының директоры Джефри Темпле, ТМД-дағы «BBC» кеңсесінің «Turk World» жобасына қатысты Өңірлік басшысы Сергей Станокин, борыштық капитал нарығы департаментінің директоры, ICBC Standard Bank ірі Қытай банкінің директоры Джон Гунес бар, Диана Айдарханова, «SPERA CAPITAL» қаржы директоры және т. б.