«АТМ TURKISTAN HOSPITAL» ЖШС АЭА ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТНІДЕ ТІРКЕЛДІ.
«АТМ TURKISTAN HOSPITAL» ЖШС АЭА қатысушысы ретінде тіркелді. «TURKISTAN» АЭА Басқарушы компаниясы мен «АТМ TURKISTAN HOSPITAL» ЖШС (бұдан әрі – Компания) арасында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалды.
«630 төсектік көпбейінді аурухана салу және пайдалану» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру, инвестиция көлемі – 140 млрдр. теңге, ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. ⠀Жобаның мақсаты Түркістан қаласында 630 төсекке есептелген көпсалалы стационардан және 500 келушіге арналған консультативтік-диагностикалық корпустан тұратын заманауи аурухана құру болып табылады. Жобаны іске асыру Түркістан қаласында денсаулық сақтауды дамытуға, сапаны арттыруға және халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ ҚР медицинасында жаңа технологияларды енгізуге бағытталған. ⠀ Жобаның құрылтайшылары «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET» АҚ және «BIGLOBAL» ЖШС болып табылады.