ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ-ТӘРБИЕДЕН
жаңалықтар
INFORM

Бірнеше ғасырлар бойы табиғат байлығын ысырапсыз пайдаланған адамзат алдындағы бүгінгі міндеттердің бірі – оны оңтайлы пайдаланумен қатар, қалпына келтіру.

Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау кешенді әрі жаппай шешуді талап ететін бүкіләлемдік проблемалардың біріне айналды. Әрине, бұл мәселемен жіті айналысатын ұйымдар бар болғанымен, жер шарының кез келген тұрғыны жаһандық мәселенің шешімін табуға өз үлесін қосар болса, орны толмас олқылықтың алдын алуы бек мүмкін. Ал, бала қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін құлағына құйып, санасына сіңіріп өссе, тіпті, құба-құп.