«TURKISTAN» АЭА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕГІ ҮЗДІК АЙМАҚТАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
жаңалықтар
OTYRAR.KZ

Жыл сайын FDI intelligence талдау орталығы, The Financial Times бөлімшесі Global Free Zones of the Year экономикалық аймақтар рейтингін жариялайды. Рейтинг резиденттер саны және оларды қолдау, жаһандық қамту, қолжетімді инфрақұрылым сияқты бірқатар көрсеткіштер негізінде жасалады және fDi Intelligence сарапшыларының бағалауы да ескерілді.

Әлемнің үздік ерекше экономикалық аймақтарына Бәсекелестік және үш номинацияда жеңіске жетті:

– SME Winner –Asia-Pacific
ШОБ жеңімпазы-Азия-Тынық мұхиты аймағы
– Editor’s choice awards — Ones to watch
Редакторды таңдау-назар аударуға тұрарлық
– Bespoke awards – Marketing slogan
Арнайы сыйлық – маркетингтік ұран
Рейтинг талдаушылары “TURKISTAN” АЭА-ның шағын және орта бизнесті қолдау, аумақты кеңейту, өнеркәсіптік алаңдағы инфрақұрылымдық объектілерді жаңғырту және брендті ілгерілету бойынша жетістіктерін атап өтті.

Жалпы ауданы 1938 га «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан қаласының жедел дамуына жәрдемдесу мақсатында 2018 жылғы 29 қазанда құрылған.