ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «БАТСУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
жаңалықтар
INFORM

Ағымдағы жылдың 5 наурызында «Б-Құрылыс» ЖШС мен «TURKISTAN» АЭА ҚК арасында «TURKISTAN» АЭА Әкімшілік-іскерлік орталығының аумағында «БАТСУ» тұрғын үй кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру үшін АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылды.

Жоба 500-ге жуық жұмыс орнын (құрылысты қоса алғанда) құра отырып,жалпы ауданы 40 мың шаршы метрге жуық 5-7 қабатты үйлер салуды көздейді.
Жобаның құны 5 млрд. теңгеге бағаланады.