«HAZRET SULTAN AIRPORT» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АШЫЛУЫ.
жаңалықтар
INFORM

28.09.2020 жылы «TURKISTAN» АЭА субаймағының аумағында «Hazret Sultan Airport» халықаралық әуежайының ашылуы өтті , оның құрылысымен түрік компаниясы, сондай-ақ «TURKISTAN» АЭА YDA Group қатысушысы айналысты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАТЫСТЫ.
Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.
Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес тұрғызылды. Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы ауданы 905 га құрайды. жолаушылар терминалының өткізу қабілеті жылына үш миллионға жуық жолаушыны құрайды.