ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «HILTON» ЖЕЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҚОНАҚ ҮЙІ — «HAMPTON BY HILTON TURKISTAN» НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.
жаңалықтар
INFORM

Жобаны «TURKISTAN» АЭА қатысушысы «Hospitality Management Group» ЖШС және Hilton Worldwide бірлесіп іске асырды. Қонақ үй Түркістанның мәдени-рухани орталығында, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын жерде орналасқан.

Hampton by Hilton Turkistan қасбеті 14 ғасырдағы ғимараттарды еске түсіретін Марокко стиліндегі көне саман құрылымының стилінде жасалған.

Қонақ үйдің құрылысы 2019 жылдың қараша айында басталды. Hampton by Hilton Turkistan алаңы 9000 шаршы метрді құрайды.