«ASRIAD» ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ САПАРЫ.
«ASRIAD» түрік кәсіпкерлер қауымдастығының сапары.
«ASRIAD» түрік кәсіпкерлер қауымдастығының сапары.
06.12 Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің вице-президент Ведат Оксуз бастаған «ASRIAD» кәсіпкерлер қауымдастығының делегациясымен кездесуі өтті.
Делегация Түрік компанияларының өкілдерінен, оның ішінде «Kastamonu Plastik» бас директоры Хусейн Йылмазерден, «TASKINLAR» басқарма төрағасы, Усель Ташкын, «Ozadin Insaat» құрылыс жөніндегі директоры, Ахмет Адын, «TUTKUNLAR» басқарма төрағасы, Үммет Алачтан тұрды.
Кездесу барысында тараптар серіктестікті дамыту перспективаларын және Түркістан қаласында жобаларды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Қауымдастық қатысушылары «TURKISTAN» АЭА қызметіне қызығушылық білдіріп, әкімшілік-іскерлік орталыққа барды.