СТАМБУЛ қаласында (Түркия Республткасы) 10 қарашада Қазақстан мен Түркия арасында бизнес-форумы өтті.
жаңалықтар
INFORM

Стамбул қаласында (Түркия) 10 қарашада екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақ- Түрік бизнес-форумы өтті.

Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин мен Түркия Вице-президенті Ф. Октай бизнес-форум ашты, оған 700-ге жуық түрік және 150 қазақстандық бизнес-топтардың өкілдері қатысты. ⠀ «TURKISTAN» АЭА БК» делегациясы да осы форумға қатысып, түрік бизнесінің өкілдерімен, «Tesiad Federasyonu», «Nurol Holding», «Kibar Holding», «Çalık Holding», «Koç Holding», «Çukurova Holdıng» және т. б. холдингтердің басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Форум барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Мырзалиев «өңірлердегі инвестициялық мүмкіндіктердің роуд-шоуы – Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сондай-ақ, пікірталас форматында «TURKISTAN» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.Меңлібеков «TURKISTAN» АЭА аумағында қолданыстағы салықтық және кедендік преференциялар туралы айтып берді. Форум қорытындысы бойынша түрік кәсіпкерлері Түркістанды түркі әлемінің орталығы ретінде жандандыруға қызығушылық танытты.