ПРЕФЕРЕНЦИЯЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР
2019 жылғы 03 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ арнайы экономикалық аймақтар туралы қолданыстағы заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық жеңілдіктерді қолданады, олар қатысушыларды салықтың үш түрін: корпоративтік табыс, жер, мүлік салығын төлеуден босатады. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың немесе оның бір бөлігінің аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылады.
Участники, реализующие проекты на территории административно-делового центра и исторического центра, в срок до ввода объекта в эксплуатацию для реализации проекта освобождаются от указанных налогов и предоставляются на безвозмездной основе земельный участок (Согласно подпункту 1) пункта 3 статье 17 Закона Республики Казахстан «О специальных экономических и индустриальных зонах» от 3 апреля 2019 года № 242-VІ ЗРК).
Өндірістік аймақтың қатысушылары жер учаскесін АЭА - 2043 ж.қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, сондай-ақ салықтық және кедендік жеңілдіктермен пайдалануға құқылы.
Импорттық кедендік баждар 0% - кедендік жеңілдіктер (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Кодексінің «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 29-тарауының 281-бабының 1-тармағына сәйкес.);
ҚЫЗМЕТТІҢ БАСЫМ ТҮРЛЕРІ:
1) туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру, мынадай шарттар сақталған кезде: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;
2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайлары, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндіріс және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;
5) Құрылыс материалдарын өндіру;
6) Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;
7) дайын металл бұйымдарын өндіру;
8) Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде аэродромды, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын және өзге де жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру;
9) әуежайлардың қызметі;
10) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;
11) қонақүйлермен және тұру үшін ұқсас орындармен қызметтер көрсету;
12) меншікті немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
13) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
14) объектілерге кешенді қызмет көрсету;
15) аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет;
16) Жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;
17) тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсыну;
18) электрондық және оптикалық жабдықтарды жөндеу;
19) басқа топтамаларға енгізілмеген Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа түрлері.
11-тармақ 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалардың қолданылуы мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілеріне қатысты ғана қолданылады.
Налоговые и таможенные преференции: